Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда келушілерден қауіпті "қызыл" және "сары" мәртебе анықталған жағдайда кәсіпкерлік мекемелер Ashyq жобасына қатысушылар тізімінен шығарылатыны айтылған. Бұл талапты аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП бөлімшелері қадағалауы тиіс. Қаулы 24 сәуірден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.