Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды жүзеге асырды: - 65 инспекциялық тексеріс; - 9 авиакомпанияны сертификаттау; - аэронавигация саласында 17 аудит; - 31 әуе айлақты сертификаттау; - әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.
«Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 авиакомпанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», - делінген хабарламада.