Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Польшада жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды деп хабарлайды Olympic.kz. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Санжар Ташкенбай ресейлік Роберт Бадаляны 4:1 есебімен жеңді. Тағы бір боксшымыз Ерболат Сабыр (56 келі) финалда үндістандық Сачинге есе жіберіп қойды. Нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.