Бұл туралы ақпарат "Вечерняя Караганда" телеграм-арнасында жарияланған.
Полиция бұл фактіні растап, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. "22 сәуірде сағат 11.50-де Мұқанов көшесіндегі "Айза" дүкенінің жанында зорлық-зомбылық белгілері жоқ 60 жастағы қала тұрғынының денесі табылды. Ол сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мейітханаға жөнелтілді. Факт полицияда тіркелген. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.