Қазақстанда ұшатын театрдың шатыры ұшты
Қазақстанда ұшатын театрдың шатыры ұшты
233
оқылды
Түркістандағы театр шатырының бір бөлігін жел ұшырып кетті. Бұл туралы Facebook қолданушысы жариялады. [caption id="attachment_131219" align="alignnone" width="486"] width= Фото: Видеодан[/caption] Әлемдегі теңдесі жоқ театр туралы наурыз айында облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
"Жоба авторларының айтуынша, орталықтың ғимараты Самұрық құстың жұмыртқасы іспеттес пішінде қиял-ғажайып халық аңызына негізделген. Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа пішіміндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8D форматта әсерлі саяхат жасауға болады. Еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі",– делінген болатын хабарламада.