Өсербаевқа 72 миллион теңге айыппұл салынды

Өсербаевқа 72 миллион теңге айыппұл салынды

«Қазақстан тұрғын үй ком­­паниясы» (ҚТК) бас­қар­­­ма төрағасының бұ­­­рынғы орынбасары Асқар­­­бек Өсер­­баевқа пара алға­­­ны үшін 72 миллион теңге айыппұл са­лынды. Бұл ту­­­­­­ралы Сы­бай­лас жемқор­­­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің аса маңыз­ды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Би­­­­гай­даров мә­лімдеді.

«12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотымен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» басқарма төра­­­­ғасының орынбасары Өсербаевқа 72 миллион теңге, параның отыз еселенген сомасы мөлше­­рінде айыппұл салынды», – деді Биғайдаров брифингте. Өсербаев 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан мүлікті бас­қару жө­ніндегі ұйымның қыз­мет көрсету шарты аясында орындалған жұмыстардың ак­­­­­тілеріне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілін­ген. «Осы үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды», – деді Биғайдаров.  

Ж.НҰРЛАНҰЛЫ