Қазақстан Косово құрамасымен кездесу өткізеді
Қазақстан Косово құрамасымен кездесу өткізеді
114
оқылды

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 мау­сым күні Косово құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Екіжақты келіссөз аяқталып, УЕФА ойынның өтуіне рұқсатын берді. Кездесу Косово астанасы Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді деп жоспарланып отыр. Косово мен Қазақстан құрамалары осы кезге дейін ешқандай кездесу өткізбеген. Десе де, Косово құрамасының ойыншысы Бернард Бериша Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Марат Быстровпен бірге «Ахмат» командасында өнер көрсетеді. Ал Косово құрамасының басты жұлдызы «Лацио» командасының шабуылшысы Ведат Мурики екенін айта кетейік. Айтпақшы, Қазақстан құрамасының екінші қарсыласы әлі нақтыланған жоқ. Бірақ құрамамыз Аустрияда Мальтаға қарсы жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Тек Мальта футбол федерациясының келісімін күту қалды. Матч 7 маусымға жоспарланған. Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Талғат Байсуфинов шәкірттері екі ойын өткізіп үлгерді – өз алаңында Францияға есе жіберді (0:2), ал сырт алаңда Украинамен тең ойнады (1:1). D тобындағы келесі матч  1 қыркүйекте өтеді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ