Азия чемпионатында күміс алды
Азия чемпионатында күміс алды
5,092
оқылды

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Бұл күндері Ташкентте ауыр атле­тикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Құзғанбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 232 (104+128) ұпай еншілеп, күміс жүлдегер атанды. Кореялық Хьенжу Джанг 236 (103+133) ұпайымен Азия чемпионы атанды. Ал 218 (96+122) ұпай жинаған түрікменстандық Айсолтан Тойчиева қоланы қанағат тұтты.  

А.ЖҰМАШ