Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Бұл күндері Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Құзғанбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 232 (104+128) ұпай еншілеп, күміс жүлдегер атанды. Кореялық Хьенжу Джанг 236 (103+133) ұпайымен Азия чемпионы атанды. Ал 218 (96+122) ұпай жинаған түрікменстандық Айсолтан Тойчиева қоланы қанағат тұтты.А.ЖҰМАШ