«Қайрат» пен «Атырау» финалда
«Қайрат» пен «Атырау» финалда

Футзалдан  Қазақстан кубогы финалында кездесетін екі команда анықталды.

Финалға алдымен Алматының «Қай­рат» командасы жолдама алды. Ол жарты­лай финалда «Аяттан» жеңістер сериясында 3:0 есебімен басым түсті. Финалға екінші жолдама «Атырау» командасына бұйырды. Ол ойындар сериясында «Ақтөбені» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, финалдағы нәтижеге қарамастан атыраулық  клуб 2021/2022 жылғы кезеңде UEFA Чемпиондар лига­сында еліміздің атынан бақ сынауға мүм­кіндік алды. Команда  2020 жылы құрылған. Небәрі бір жыл ішінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.

АЖАСАН