Алматы облысындағы «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтіп жатыр. Өңірде 86 866 партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған 316 бастауыш партия ұйымы бар, оның құрамына 2 555 партиялық топ кіреді.
Соның бірі – құрамында 692 партия мүшесі бар Қарасай ауданындағы «Шамалған» бастауыш партия ұйымы. Аталған ұйым 2 жыл көлемінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, БПҰ-ның төрағасы мен орынбасарын сайлап, аудандық конференция құрамына делегаттарды анықтады. Отырыс барысында бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы «Шамалған» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержас Тоқтасынов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес, Шамалған бастауыш партия ұйымының бюро мүшелерін, одан әрі төрағасымен орынбасары сайланды. Сондай-ақ Қарасай аудандық партия филиалының квотасы бойынша аталған БПҰ-нан 10 делегат сайланды. Делегаттар өкілеттілігі аудандық партия филиалының Саяси кеңес бюро отырысында қаралып, шешім қабылданады. Айта кетейік, БПҰ-ның жиындары аяқталған соң, 26-30 сәуір аралығында 20 аудан-қалалық партия филиалының есеп-беру сайлау конференцияларын ұйымдастыру жоспарланған. Одан кейін 13 мамыр күні Алматы облыстық партия филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтеді. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының бастауыш партия ұйымының да жиналысы өтті. Іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы аптада «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өркениет» филиалының «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бастауыш партия ұйымының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш партия ұйымдары есеп берді. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Экология» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысында да бастауыш партия ұйымдары бас қосты. Аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Әлібек Семғалиевтің төрағалығымен өткен мәжілісте NСОС компаниясының Каспий теңізі солтүстік бөлігіндегі қазу жұмыстары туралы, «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдарын қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, сондай-ақ Мақат ауданы Доссор кентінің экологиялық мәселелері қаралды. Жиында «АМӨЗ» ЖШС тарапынан өңір экологиясын жақсарту мақсатында қолға алынған жобалар төңірегінде сөз қозғалды. Оның ішінде TAZALYQ жобасы бойынша механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларын қайта құру, «Тухлая балка» булану алаңының 860 гектарын қалпына келтіру қарастырылған. Кеңес барысында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде түп тереңдету жұмыстарының зияны туралы айтылды. Атырау облыстық Экология департаментінің басшысы Әлібек Бехмұхаметов әр өзекті мәселені назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Экология» қоғамдық кеңесінің мүшелері пікірлерін ортаға салып, ұтымды ұсыныстарын да жеткізді. Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынған әр жоба басты назарда болады. «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалына қарасты 42 партиялық топтан тұратын 8 бастауыш партия ұйымы бар. Оның ішінде «Доссормұнайгаз» және «Білім» бастауыш партия ұйымдары 500-ден астам партияластардың басын қосатын ірі ұжым. Сол ұйымдардың, атап айтқанда «Денсаулық», «Мақат», «Болатжол», «Мақат стансасы», «Білім», «Доссормұнайгаз», «Мұра», «Болашақ» бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.Әбілмансұр ЖАСАН