Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес алматылықтарға Арбатта серуендеуге тыйым салынды.
Алматы қаласында жаяу жүргіншілердің Абылай хан даңғылынан бастап Назарбаев даңғылына дейін жүріп-тұруына тыйым салу: — сенбі және жексенбі күндері "ASHYQ" жобасына қатысушылардың 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс режимімен жұмыс істеуіне тыйым салынады. Алайда бұған қоғамдық тамақтану және ұсақ бөлшек сауда объектілері — жазғы алаңдар, шығару, жеткізу қызметтері және қоғамдық тамақтану объектілері кірмейді. — дүйсенбі мен жұма аралығында 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілері үстелдердің арасында екі метрден қашықтық сақтауы тиіс, келуші қонақ саны залда — 30, жазғы алаңда 50 орыннан аспайды, қызмет көрсетушілер өз кезегінде бетперде және қолғап киюге міндетті. — жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейтін ұсақ бөлшек сауда объектілері әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін екі метрден кем емес етіп белгі салуы тиіс, қызметкерлер қолды антисептикпен тазалап, бетперде тағып жүруге міндеттеледі.