Миллиардер ипотекадан бас тартуға шақырып, себебін түсіндірді
Миллиардер ипотекадан бас тартуға шақырып, себебін түсіндірді
5,149
оқылды

Ресейлік миллиардер, «Технониколь» корпорациясының тең иесі Игорь Рыбаков ипотека алуды «ақымақтық» деп атады және қандай қиын жағдай болса да, қарыз алмауға кеңес берді. Кәсіпкер тұрғын үйді несиелендірудің кемшіліктері туралы видеоны өзінің YouTube-каналында жариялады.

«Қазіргі таңда көптеген адам пәтер сатып алады. Өйткені банк пен құрылыс салушы компания тарапынан жарнама мен ұсыныс өте көп. Алайда жарнамада ипотекадан ақша жоғалтқандар туралы сөз қозғалмайды. Керісінше үй шаруашылығына қанағаттанғандарды ғана көрсетеді: «Қазір ол өз пәтерінде тұрып жатыр, ипотека төлесе де, өзінің жеке баспанасы бар» деген сияқты. Олардың өз басында үйі жоқ. Тек соңғы демі қалғанша төлейтін қарызы ғана бар», — деді Рыбаков.
Оның айтуынша, «ипотекаға пәтер алу мүлдем тиімсіз, өйткені мұнда пәтер жоқ деуге болады. Бар болғаны өмір бойы банкке өзгермелі мөлшерлемемен ұзақ уақыт қарыз төлейсіз». Осы орайда сарапшы банктердің мөлшерлемені өзгертуге құқығы барын ескертті. Яғни, несиені төмен пайызбен алсаңыз да, болашақта үстіне қосылатын ақша ұлғайтылуы мүмкін.
«Келісімшартты оқып көрдіңіз бе? Оқып көріңіз, қатты таңғалатын боласыз. Бұл ақымақтықтың ақымақтығы деп аталады. Ешкімнен қарызға ақша алмаңыз. Бұл мойныңызға қыл арқан байлағанмен бірдей», — дейді ол.
Кәсіпкер банктер мен құрылыс компанияларын жылжымайтын мүлік нарығындағы «кәсіби ойыншыларға» балады. Олар әрдайым өз қаржысын тәуекелден қорғай алады. Миллиардер пәтерді осы жолмен сатып алудың бұрынғыдай жақсы инвестиция еместігін ескертті.
«Бүгін пәтер сатып алып, оны жалға беріп қоямын деушілер тиыннан шаң сорып қалады. Актив бар, жыл сайын пәтер бағасынан бөлек тағы 2% әкеледі деп үміттендіңіз. Ал ол мұның орнына бір немесе бір жарым процент қана беріп отыр. Бастысы, керісінше ақша жоғалтпағаныңыз жақсы», — деп қолдау білдірді Рыбаков.
Еске салсақ, қыз-келіншектерге арналған тиімді ипотеканың беріле бастайтынын хабарлаған едік. Бағдарлама бойынша 30 миллион теңгеге дейін пәтер алуға болады.