Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейін түсірілген бейнежазба тарады: автобус пен үстінде ассенизаторы бар «КамАЗ» көлігі жолдың екі жағына шығып кеткен деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 22 сәуірде Теңіз – Сарықамыс жолының бойында «ЕМГ»-нің мердігер мекемесіне қарасты қызметтік «ПАЗ» автобусы мен «Камаз» автокөлігі соқтығысты. Бұл жол-көлік апаты «Камаз» жүргізушісі автобусты басып озбақшы кезде болған. Автобуста Прорва кен алаңынан Құлсары қаласына бағыт алған мердігер мекеменің 11 қызметкері болған. Олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен «Теңізшевройл» ЖШС-нің медициналық клиникасына жеткізілді. Кейін ол жерде тек автобус жүргізушісі қалғаны белгілі болды.