Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден аса жүк көлігі жиналып тұр, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.
"Қалыптасқан жағдай шекаралас мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуіне байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап ету)", – делінген хабарламада.Ресейден Қазақстанға келе жатқан Ресей Федерациясының "Маштаков" іргелес өткізу пункті ауданында да осындай жағдай қалыптасқаны ескертті. Онда 400-ден аса көлік кезекте тұр.