Әлуметтік желіде Түркістан көшелерінің бірінде болған атыстың видеосы тарап жатыр. Видеодан үш ер адам жолды кесіп өтіп, атысып жатқанын көруге болады. https://www.youtube.com/watch?v=-DCt9kF_Jtc&feature=youtu.be Облыстық полиция өкілдері бүгін Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқанын хабарлады.
"Аталған деректі полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", – деді полиция өкілдері.