Канело GGG-ға ұтылған еді...
Канело GGG-ға ұтылған еді...
149
оқылды

Last Call Radio Show сарапшысы Джейк Донован Екінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен (30-0, 14 КО) осы салмақтағы WBC және WBA титулдарының иегері, мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (55-1-2, 37 КО) қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

Ол әңгіме барысында мексикалық боксшының спортта жолы болуының қандай құпиясы бар екенін айтты және ол үшін жалғыз қауіпті қарсыласты атады.
"Альварес - өз күшіне сенетін боксшы. Сондай-ақ, оның атын шығарған керемет командасы бар. Оның мәртебесі төрешілердің көмегімен жекпе-жекті өз пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Біз оның әлсіз екенін бірнеше жекпе-жекте көрдік. Сондай кездесулердің бірі - Головкинмен болған жекпе-жек. Екі кездесуде де Альварес ұтылғандай болды, бірақ оған төрешілер көмектесті. Алайда ол қазір әлдеқайда мықты бола түскен. Билли Джо Сондерстің үлкен мүмкіндігі болады деп ойламаймын. «Канело» одан мықты. Мексикалыққа қиындық туғызатын жалғыз адам, ол - GGG. Бірақ олардың жекпе-жегі Альварестің пайдасына аяқталуы мүмкін", – деді Донован.
Еске салайық, Головкин мен «Канело» бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетті.