Шымкентте аялдамада қару ұстап отырған жергілікті тұрғын ұсталды
Шымкентте аялдамада қару ұстап отырған жергілікті тұрғын ұсталды
179
оқылды
2021 жылғы 16 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің №722 автоэкипажының қызметкерлері қаладағы көшелердің бірінде патрульдеу кезінде аялдамада отырған азаматтың қолында қаруға ұқсас затты ұстап отырғаны көрінгендей болды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатында аялдамада отырған азаматқа қарай бет алды. Полицейлердің күдігі расталып, ер адамның қолындаға қаруға ұқсас затты анықтап, тәркілеп алды. Ұсталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті тұрғынның қаруды қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені анықталады. Оның нәтижесі бойынша аталған азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға береді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Өз іс-әрекетімен қырағылық танытқан Шымкент полиция қызметкерлері қылмыстың жолын кесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.