Оқ денесін тесіп өткен. Дәрігерлер Алматыда жарақаттанған күзетші туралы айтты
Оқ денесін тесіп өткен. Дәрігерлер Алматыда жарақаттанған күзетші туралы айтты
141
оқылды
Дәрігерлер Алматы қаласындағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде оқ тиген күзетшінің жағдайы туралы айтып берді. Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күзетші дәл қазір ем қабылдап жатыр.
«Қазіргі сәтте науқастың жағдайы тұрақты. Тиісті ем қабылдап жатыр. Оқ денесін тесіп өткен. Жедел ем шаралары жүргізілді», — деді басқарма қызметкерлері.
Еске салсақ, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұқар Жырау Тауэрс» ТК күзетшісіне оқ атты. Артынша ол өз үйінде жасырынды. Полиция онымен келіссөз жүргізді.