Дәрігерлер Алматы қаласындағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде оқ тиген күзетшінің жағдайы туралы айтып берді. Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күзетші дәл қазір ем қабылдап жатыр.
«Қазіргі сәтте науқастың жағдайы тұрақты. Тиісті ем қабылдап жатыр. Оқ денесін тесіп өткен. Жедел ем шаралары жүргізілді», — деді басқарма қызметкерлері.Еске салсақ, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұқар Жырау Тауэрс» ТК күзетшісіне оқ атты. Артынша ол өз үйінде жасырынды. Полиция онымен келіссөз жүргізді.