24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында кешкі уақытта астанада тас төселген тротуардың бір бөлігі жер астына опырылып түсті.
"Астана Су Арнасы" МКК хабарлағандай, сағат 17:08-де Тәуелсіздік - Қажымұқан көшелерінің қиылысында жолдың тротуар бөлігінде орналасқан Д=800 кәріз коллекторы істен шыққан."Тротуардың опырылуы көлік қозғалысына кедергі емес және жақын маңдағы үйлерді сумен жабдықтаудан ажырату жоспарланбайды. Қазіргі уақытта "Астана Су Арнасы" МКК апат бригадасымен жолдың тротуар бөлігінде коллектор мен жол төсеміне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", — делінген хабарламада.