1 мамырдан бастап елордада сумен жабдықтау және су бұру саласында көрсетілетін қызметтің тарифі көтеріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК қала тұрғындарын сумен жабдықтау және су бұру саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтің көтерілгендігі туралы хабарлайды.«Жаңа тариф «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №37-НҚ бұйрығымен бекітілген. Сумен жабдықтау және су бұру тарифтері бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1302, (8-7172) -27-03-70, 76-76-06 нөмірлері бойынша мамандар кеңес береді», делінген хабарламада.2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде төмендегідей тарифтер қолданылады.