Атырауда 50 мың теңге пара алғысы келген полицейлерге үкім шықты
Атырауда 50 мың теңге пара алғысы келген полицейлерге үкім шықты
173
оқылды

№2 қалалық сотта Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Г.Шариев пен Е.Орынбаевқа қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" сайты.

ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қорқыту жолымен пара алу») бойынша оларға тиісінше сержант және кіші полиция сержанты атақтарынан айыра отырып, 1,7 млн. теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, бұл сотталғандар ҚР ҚК 339-бабы ("Пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 50 мың теңге көлемінде пара беруге бопсалаған. Сот материалдарына сәйкес, 22 наурызда теміржол вокзалында рентген аппараты арқылы тексеру кезінде сөмкелердің бірінен салмағы 4,6 кг. екі бекіре балығы табылды. Сөмкенің иесін екінші қабатқа желілік полиция қызметкерлеріне жеткізді, ал олар оған жемқорлық «келісімін» ұсынды. Қылмыстық жүк тасымалдаған азаматқа қатысты жеке қылмыстық іс көтерілді.