Никол Пашинян отставкаға кетті
Никол Пашинян отставкаға кетті
Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Бұл алдағы кезектен тыс парламенттік сайлаумен байланысты. Үкімет басшысы өзінің Facebook парақшасында осылай деп мәлімдеді. Алайда Пашинян сайлау өткенге дейін премьер-министр міндеттерін атқара береді. Ал кезектен тыс парламенттік сайлау 20 маусымға белгіленген.