Павлодарға қарасты ауылдардың бірінде 12 жасар бала Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеп жүр.
Павлодарлық пабликтердің бірінде кәмелетке толмаған баланың көлік жүргізіп отырған сәтте түсірілген суреттері жарияланды. Kolesa_pavlodara Instagram парақшасының мәліметінше, онымен бірге көлік салонында кішкентай бала болған."Аталған факті бойынша Кенжекөл ауылына автопатруль жіберілді, факт расталды. Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлігін 12 жасар ұл бала басқарған. Оның әкесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабы, 5-бөлігі (көлік құралын басқаруды басқару құқығы жоқ адамға беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға 50 айлық есептік көрсеткіш (145 850 теңге — редакция) мөлшерінде айыппұл салынды", — деп хабарлады полициядағылар.