Алматыда полициядан қашқан жүргізушіге 15 әкімшілік хаттама толтырылды
Алматыда полициядан қашқан жүргізушіге 15 әкімшілік хаттама толтырылды
106
оқылды
Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ азамат полицейлерден қашып құтылмақ болды. Полиция мәліметі бойынша, көлік жүргізушісі мас күйде болған. Мас жүргізушіні ұстауға жиырмадан аса полиция көлігі қатысқан. Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 25 сәуірде таңертең әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесі қиылысында қатты жылдамдықпен келе жатқан "Мерседес" маркалы автокөлігі байқалған, жүргізуші қауіпті маневр жасап, жолда авариялық жағдай тудырған. Ол полицейлер талабына жауап бермей, жасырынуға тырысқан. Ведомство мәліметі бойынша, ұсталған тәртіп бұзушы тексеруден өткен. Сол жолы дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтаған. Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Манап Саттаров ұсталушыға қатысты жасырынуға әрекет жасаған заңбұзушылықтар: полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін, бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін, авариялық жағдай тудырғаны үшін, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін және тағы басқа себеп бойынша бірден 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.