Алты облыста дауылды ескерту жарияланды

Алты облыста дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26 сәуірге Қазақстан Республикасының алты облысында дауылды ескерту жариялады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз 26 сәуірде найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 26 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.