UFC чемпионы қарымта кездесуде қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді
UFC чемпионы қарымта кездесуде қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді
Джексонвиллде (Флорида) UFC 261 турнирі аяқталды. Оның басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы (77 кг.) қазіргі чемпион Камару Усман мен Хорхе Масвидаль арасындағы жекпе-жек өтті. Турнирдегі соңғы жекпе-жекте 33 жастағы Усман BMF титулының иегері Хорхе Масвидальмен кездесті. Жартылай орта салмақтағы айқас екінші раундта аяқталды. Усман қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша Усман UFC титулын қатарынан төртінші рет қорғады. Бұған дейінгі UFC 258 жекпе-жегінде Камару Гилберт Бернсті үшінші раундта нокаутқа жіберді. https://www.youtube.com/watch?v=JjRNAyhxjmQ Масвидаль болса, мансабындағы 15-жеңілісіне ұшырады.