Атырауда әкімдік алдына 50 мың теңге жасырған блогер жауапқа тартылады
Атырауда әкімдік алдына 50 мың теңге жасырған блогер жауапқа тартылады
5,118
оқылды
Атырауда блогер тұрғындардың облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналуына себепкер болған. Әлеуметтік желіде блогер 50 мың теңге жасырғаны жөнінде хабарлама қалдырған. Алайда полиция карантин талабын бұзғаны үшін оны жауапқа тартты. Блогер карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша түсініктеме жазуға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша құжаттарды жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жібереді деп жазады "Мой город"  басылымы. Сондай-ақ, блогердің автокөлікте қауіпсіздік белдігін тақпағандығы анықталған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 615-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама толтырылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынған. https://www.youtube.com/watch?v=dDkc6B0u52c