Азия чемпионатында қазақстандық зілтеміршілер 7 медаль иеленді
Азия чемпионатында қазақстандық зілтеміршілер 7 медаль иеленді
136
оқылды
Бүгін Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық Айзада Мүптілдә қатысты. Қоссайыс нәтижесінде ол 269 (118+151) келіні бағындырып, қолаға қол жеткізді. Күміс медальға Оңтүстік Корея спортшысы қол жеткізсе, қытайлық ауыр атлет алтын иеленді. Аспан асты елінің өкілі бұл жарыста әлемдік рекорд орнатты. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша, қазақстандық зілтеміршілер 7 медаль иеленді. Оның біреуі алтын, үшеуі күміс, тағы үшеуі қола жүлде. Отандастарымыз ел намысын 13 салмақ дәрежесінде қорғаған.