Солтүстікте ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік-батыста қатты дауыл соғады.
Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстанда, күндіз Павлодар облысында найзағай ойнайды. Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облысында тұман болады, күндіз Ақтөбе облысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Атырау облысында тұман түседі, жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Алматы облысының Алакөл аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен дауыл соғады. Қостанай облысында да найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с жетеді.