Ертең телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады
Ертең телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады
114
оқылды

«Қазтелерадионың» хабарлауынша, 27 сәуір сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Сондықтан Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. «Қазтелерадио» әр тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Бұл телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.