Самал Еслямова Ресейде ең үздік актриса атанды
Самал Еслямова Ресейде ең үздік актриса атанды
176
оқылды

Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы атанды. Бұл жайында ТАСС агенттігі хабарлады.

Ол режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі арқылы көпшілікке танымал болды. 2018 жылы Канн кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі үшін" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұған дейін Самал Еслямова басты рөлде ойнайтын «Батырлар» тарихи фильмі жарыққа шыққанын хабарлаған болатынбыз.