Бүгін Денсаулық сақтау министрі отандық вакцинаны салдырады
Бүгін Денсаулық сақтау министрі отандық вакцинаны салдырады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Отандық вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жасалған. Өңірлерге 50 мың доза мөлшерінде бөлінеді. QazCovid-in вакцинасын алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой салдырмақ. Екпенің алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады деген жоспар бар.