Отандық вакцина салдырған Алексей Цой денсаулығы жайында айтты
Отандық вакцина салдырған Алексей Цой денсаулығы жайында айтты
127
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық QazVac вакцинасын салдырды.

Министр вакцина алған соң денсаулығы бірқалыпты екенін айтты. Өңірлерге вакцинаның 50 мың дозасы жөнелтіледі. Нұр-Сұлтан мен Алматыға 6 мың дозадан, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына 4 мың дозадан жеткізілуі тиіс. QazVac-тың ерекшелігі оны тасымалдау кезінде тым жоғары температурада салқындататын тоңазытқыштардың қажеті жоқ. Вакцинаны 2-8 градус температурада тасымалдауға болады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс айтқан еді.