Үкімет қаулысымен Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2007-2013 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерінде болды. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кейіннен кеңесшісі қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі. 2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.