«Көшпенділер жері» фильмі «Оскар» алды
«Көшпенділер жері» фильмі «Оскар» алды

Лос-Анджелесте АҚШ-тың кино өнері академиясы үздіктерге «Оскар» жүлдесін табыстады. «Үздік фильм» номинациясын Nomadland («Көшпенділер жері») иеленді.

Фильмнің режиссері – Хлоя Чжао. Nomadland «Оскардың» алты номинациясына ие болды. Атап айтқанда, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік әйелдер рөлі», «Үздік оператор», «Үздік монтаж», «Үздік сценарий» номинациясын иеленді. Айта кетейік, Nomadland «Алтын глобуста» төрт номинацияны иеленген болатын.

Былтыр «Паразиттер» фильміне төрт «Оскар» не үшін берілгенін жазған болатынбыз.