Жүк көлігі сиырларды қағып, жолаушы қаза тапты
Жүк көлігі сиырларды қағып, жолаушы қаза тапты

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Талғар ауданында болды.

«HYUNDAI HD 270» жүк көлігінің жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ –Талғар тасжолында үш сиырды қағып кеткен. Оқиға орнында 33 жастағы жүк көлігінің кабинасында отырған жолаушы мерт болды. Полицейлер тергеуді бастады.