Қай елдерде жаңа тұрғын үй сатып алу оңай: Қазақстан халқына жаңа үй қолжетімді ме?
Қай елдерде жаңа тұрғын үй сатып алу оңай: Қазақстан халқына жаңа үй қолжетімді ме?
303
оқылды

Finprom.kz хабарлауынша, тұрғын үйдің қолжетімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінде 35-орынды иеленді. Рейтинг жылжымайтын мүлік бағасы мен халық табысының арақатынасы бойынша есептелген.

Мұндай көрсеткіш Қазақстанда 9,63 болды (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы). Қазақстан тұрғын үй қолжетімділігі бойынша барлық Еуразиялық экономикалық одақ елдерін (Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения) және Өзбекстанды басып озды. Рейтингте Сауд Арабиясы көш бастап тұр. Ел халқының табысы мен ондағы жылжымайтын мүлік бағасының айырмасы көп емес, сондықтан онда тұрғын үй қолжетімді. Ал ең соңғы орында Сирия тұр. Ондағы көрсеткіш - 63,23. тұрғын үй, рейтинг Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, биыл наурызда Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша 52,7 мың мәміле жасалған.  Бұл былтырғыға қарағанда 2,4 есе көп. Өңірлік бөліністе ең көп мәміле Маңғыстау облысында жасалды: 9,9 мың — бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,9 есе көп. Көшбасшылар үштігінде Нұр-Сұлтан мен Алматы тұр. Тұрғын үй сатып алу-сатуда ең аз мәміле Солтүстік Қазақстан облысында жасалды: барлығы 687, бұл былтырғыдан 6,7 аз. Айта кетейік, наурызда сатып алу-сату мәмілелерінің саны қысқарған жалғыз өңір - Солтүстік Қазақстан облысы.