Алматы Арбатында жүрген қаскөйлер тобы ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматылық полицейлер қала орталығында жүрген бір топ ер адамды ұстады. Қылмыстық топты 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарған. Қаскөйлердің адамдарды тонағаны анықталды.Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41."Айыпталушылар қараңғыда өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып, ұялы телефондары мен бағалы заттарын тартып алып, кейін қаланың ломбардтарына сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар кезінде ұсталды. Біз көрсетілген алаңдағы криминалдық полиция бөлімшесінің жұмысын бірнеше күн ішінде жасалған екі ұқсас қылмысты талдау арқылы күшейттік. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін. Тоналған адамдар қандай да бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі де мүмкін. Қылмыстың қаруы – пышақ тәркіленді", – деп хабарлады Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.