Серік Әбденов ҚТЖ-дағы қызметінен кетті

Серік Әбденов «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы ҚТЖ-ның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Серік Сақбалдыұлы Әбденов 1977 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келген.

1998 жылдан -  Әділет министрлігі Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы. 2000 жылдан - заң сараптамасы бөлімінің бастығы, бақылау және құжаттық айналым басқармасының бастығы, Сыртқы істер министрлігі аппараты жетекшісінің орынбасары.

2003 жылдан - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2004 жылдан - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты еңбекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, директоры.

2007 жылдан - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2009 - 2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2012 - 2013 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2013 - 2018 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, 2018 - 2021 жылдары ҚТЖ-да басшылық қызметтер атқарды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.