Нұр-Сұлтанда ойын алаңында сырғанап жүрген кішкентай бала саусағынан айырылыды. Мәлімет бойынша, 25 сәуірде жедел жәрдемге 4 жасар бала түскен. Ол темір төбешіктен сырғанағанда сол қолының сұқ саусағы темір конструкцияның қаңқасы мен ашылып кеткен қаңылтырдың арасына қысылып қалған.
Баланың сол қолындағы екінші саусағын ампутациялады. Травматология пункті деңгейінде жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп, гипс салынған. Бала амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деді қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.Байқоңыр ауданы әкімдігі баланың отбасына барлық қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Сырғанақ бұзылып, балалар ойнайтын ауладан әкетілген.