Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде 1 мамырдан бастап SMS-хабарлама жолдау арқылы төлеу қызметі өшіріледі. Мұндай шешім ұялы байланыс операторлары қызметінің жиі істен шығуына байланысты тасымалдаушылардың сұрауы бойынша қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Байланыс үзілістері жолаушылардың өздеріне қолайсыздық тудырады. Мысалы, SMS арқылы төлем кешіктіріліп төленуі мүмкін немесе бірнеше рет алынады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларының жолақысын төлеуден жалтару жағдайлары көп. Мәселен, кейбір азаматтар жол жүру ақысын SMS жіберу арқылы бақылаушылар тексерер алдында ғана төлейді. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері «SMSBUS контролер» қосымшасы арқылы автобусқа кірген кезде бір уақытта бір аялдамада SMS хабарламасы арқылы жолақысын төлеудің 30-дан астам фактісін тіркейді. Нәтижесінде шығындар тәулігіне шамамен 7 млн. теңгені құрайды. Бұл — айына 216 млн. теңге және жылына 2,5 млрд. теңге», - деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.Нұр-Сұлтан қаласында SMS жолдау арқылы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу сервисі 2018 жылы енгізілген. Сервиске барлық ұялы операторлар (Activ/Kcell, Beeline, Altel, Tele2) және QR кодының көмегімен жасалатын төлем қосылған. 2018 - 2021 жылдар аралығында қоғамдық көлікте SMS және QR-код арқылы төлеу елорданың жалпы жолаушылар легіне шаққандағы сан төмендегідей: – 2018 жылы — QR 0,6%; SMS үлесі 0,4%; – 2019 жылы — QR 3,2%; SMS үлесі 5,8%; – 2020 жылы — QR 15,6%; SMS үлесі 12,4%; – 2021 жылы — QR 29%, оның ішінде SMS үлесі 12%-ды ғана құрайды.