Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды
Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды
137
оқылды
Ресейлік Forbes "30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік" жыл сайынғы рейтингіне үміткерлер тізімін ұсынды. Тізімге ТМД-да бірінші болып "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) кірген. Forbes рейтингіне 30 жасында кәсіби қоғамдастықта беделге ие болған және бүкілресейлік немесе жаһандық деңгейде танымал болған адамдар кіреді. 20 жастағы музыкант Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесінің «ең үздік ремикс» аталымының жеңімпазы атанған еді. Ол SAINt JHN-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі үшін марапатталды. Иманбектің ремиксі YouTube желісінде 140 миллионнан аса қаралым жинады. Бұған дейін 2020 жылы стендап-комик, "Что было дальше" шоуының жүргізушісі Нұрлан Сабуров "30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік" тізімін бастаған еді.