"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев "Алматы Әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Алматы Әуендерінің" су жаңа көркемдік жетекшісі Мұқасан Шахзадаев досыммен. Қазақ әніне 30 жылдан аса уақыт еңбегі сіңген, халықтың сүйікті ұлына айналған Мұқаш ару Алматының өнерін дамыту ісіне зор өмірлік һәм кәсіби тәжірибемен кірісіп отыр. Мұқасанға сәттілік тілейік, ағайын!" - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.