Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың ісі сотта қаралсын деп қаулы етті. Бұл туралы Әділет министрлігінің сайты ресми мәлімдеді.
– 2021 жылғы 29 наурызда АҚШ округтік сотының судьясы Элисон Нейтан Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың өтінішін қабылдамай, барлық төрт талапты (заңсыз иемдену; негізсіз баю; меншік құқығы және Нью-Йорктің азаматтық практикасы туралы ережелері мен § 5239 заңына сәйкес талап қою) сотқа жіберуге рұқсат берді. Судья Нейтан ұсынылған мағлұматтардың қомақты тізімін мұқият зерделеудің негізінде Triadou-дың АҚШ-қа инвестициялаған қаражатын Мұхтар Әблязовтың ұрлағанын, кейіннен оларды АҚШ-та Ілияс Храпуновтың және басқалардың әдейі жылыстатқанын растайтын «елеулі дәлелдемелердің» бар екенін атап өтті» делінген хабарламада. Әзірге пандемия шектеулеріне байланысты соңғы сот отырысының нақты қай күні өтетіні кейінірек белгілі болмақ.Мадияр ТӨЛЕУ