Тек қана солтүстікте жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
Еліміздің кей өңірінде жел күшейеді, солтүстікте тұман түседі. Қостанай облысында тұман болады, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Алматы облысының Алакөл аумағында жел екпіні 15-20 м/с болады.