Жесір әйелдің арызына бей-жай қараған жеті полицей жұмыстан қуылды
Жесір әйелдің арызына бей-жай қараған жеті полицей жұмыстан қуылды
120
оқылды

Жесір әйелдің арыз-шағымына бей-жай қараған жеті полицей жұмыстан қуылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қазіргі кезде жұмысына немқұрайлы қараған полицейлерді өз әріптестері тергеп жатыр. Алайда жәбірленушінің әпкесі қанды қылмыстың алдын алуға асықпаған Полиция департаментін түгел тексеруді талап етіп, Ішкі істер министріне шағымдануды көздеп отыр. Учаскелік полицейге мән-жайды баяндадым деген жәбірленуші әпкесінің айтуынша, жағдай ушығып жатқан соң қайта хабарласқанда телефон тұтқасын көтерген полицей қатқыл дауыспен: «Қазір барады ғой, ұшамыз ба енді?!» деп жауап берген көрінеді.

«Олар дер кезінде келгенде, қан төгілмес еді. Тәртіп сақшылары сіңлімнің осыған дейін жазған арыз-шағымына да құлақ аспаған. Ішкі істер министрінен өтініп сұраймын, барлығын өз бақылауына алса деймін», – дейді жәбірленушінің әпкесі Алиса Сатанова.

Дәрігерлер басына балта тиген келіншектің қазіргі жағдайы жақсы екенін айтуда. Күрделі ота жасауды қажет етпейді. Ал анасын балталап жатқанын көзімен көрген бүлдіршіндер әлі де психологтардың бақылауында.

Бұған дейін күдікті жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, кейін өзі асылып қалғанын жазған болатынбыз.