Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
29 науқас коронавирусқа шалдыққан. Тағы жетеуі коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған. 25 сәуірдегі мәлімет бойынша, пневмония 12 адамнан анықталған. 7-еуі қайтыс болды. 55 адам жазылып шыққан. 27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 260 адам коронавирустан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 785 науқас стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 756 адамның жағдайы ауыр; • 179 науқастың жағдайы өте ауыр; • 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.Қазақстанда бір тәулікте 2 284 адамнан коронавирус анықталды.