Қарағанды облысында 26 сәуірде кешке қарай аулада ойнап жүрген кішкентай қыз ізім-ғайым жоғалып кеткен. Полицияға оның жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.
Ер адам қамауға алынды. «Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді полицейлер.«26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полициясына 30 жастағы тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Полицейлер іздестіру нәтижесінде, қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны мен оның жанынан кішкентай қызды тапты», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі.
Бұған дейін Сәтбаев қаласындағы педофил туралы жазған болатынбыз.